Арманыңды өшірмей, есірткісіз өмір сүр

IMG_2240ШҚОСӨСҚО мамандары 2018 жылдың 10-шы қазанында Өскемен қаласының А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінің 9 сынып оқушыларына «Арманыңды өшірмей, есірткісіз өмір сүр» тақырыбында тренинг өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты жасөспірімдер үшін нашақорлық тақырыбы өзекті ме, жоқ па анықтау және олардың ақпараттық деңгейін бағалау; психикаға белсенді әсер ететін затарға табанды кері көзқарасты және есірткі заттарын тұтынудың әлеуметтік өрескел бейнесін қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстануға ұмтылуды насихаттау.

Оқушыларға ақпарат беріліп, практикалық дағдыларды қолдану тәсілімен «Бас тарту» «Есірткілерді тұтыну неге қауіпті?» рөлдік ойындары ойнатылды. Іс-шара соңында видеоролик тамашалап,  ақпараттық білім беру материалдары ұсынылды.

«ШҚОСӨСҚО» ММ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған