«Аягөз қаласының № 4 аралас жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-нің оқушыларына семинарлар өткізілді

IMG_20181018-9.10.2018 жылы Аягөз аудандық «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығы мамандарының ұйымдастыруымен «Аягөз қаласының № 4 аралас жалпы білім беретін орта мектеп» оқушыларына «Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама» және «Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау» тақырыптарында 8- 9-10 класс оқушылары арасында семинарлар  өткізілді.

Мақсаты: жасөспірімдер арасындағы есірткі және психоактивті заттарды қолданудың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау; жасөспірім қыздарға репродуктивті денсаулық туралы  ақпарат беру  және өз репродуктивті денсаулығын күтудің қандай маңызды екенін түсіндіру.

Семинар барысында  оқушыларға есірткі заттарының, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, келешек өмірлеріне келтірер зияны туралы түсініктер беріліп, жаман әдеттерден бойды аулақ салу насихатталды. Сонымен қатар жасөспірім қыздарға репродуктивтік денсаулық туралы түсінік, жыныстық даму, репродуктивтік денсаулықты сақтауда жеке гигиенаның маңызы, қауіп-қатер мен олардың алдын алу жөнінде біраз мағлұматтар берілді. Семинар соңында оқушылар сөз алып, өз ойларымен бөлісті. Семинарға 75 оқушы қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған