Студенттер арасында «Ішімдік және жастар» және «Темекі түтініне ЖОҚ-де» тақырыптарында семинарлар өткізді

20181005_1140271-2.10.2018 жылы Аягөз қаласының «Нұрсалауат »Жастар денсаулық орталығы мамандары ұйымдастыруымен Аягөз қалалық  политехникалық колледжінің 1-2 курс студенттері арасында «Ішімдік және жастар» және «Темекі түтініне «ЖОҚ» – де» тақырыптарында семинарлар өткізді. Семинар барысында тақырыптара сай бейнероликтер көрсетілді. Ақпаратты көрнекі материалдар таратылды.

Басты мақсатымыз: Жасөспірімдерге ішімдіктердің ағзаға тигізетін кері әсері,одан туындайтын ауру түрлерін айта отырып, зиянды жақтарын ашу. Салауатты өмір салтын насихаттау.

Бір сәттік құлқынның қызығы үшін  көмейге қылғытатын арақтың басты қасіреті – адам денсаулығын күйретуі. Зерттеулер көрсеткендей, кең көлемде жүргізілген насихатқа қарамастан, жұрттың басым бөлігінің алкогольге тәуелділіктің қалыптасу заңдылықтары жөнінде нақты түсінігі болмай шыққан. Өкінішке орай, жұртшылықта «көпшілік орындарда алкогольді аздап, «мәдениетті» пайдалану маскүнемдік дертіне шалдықтырмайды, бұл өз мүмкіндігін және арақ іше білмейтін адамдардың үлесіндегі жағдай»— деген жалған түсінік қалыптасқан.

Жасөспірімдер тобында өздерінің бағалайтын бағыт, пікірлері, демалыс уақыттарын өткізу, көптеген қиын жағдайларды шешу тәсілдері қалыптасады. Сондықтан бұл кезеңде топтармен бірге арақ-шарапқа үйрену қауіпі артып, ата-аналары мен педагогтардың ескертпелері оның еркіндігіне, құқығына қарсылық көрсету сияқты қабылданып, көбінесе олардың мінез-құлқына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан, оларды бір жақты тыңдауға мәжбүр ету олардың қарсылығын туғызып, өз бетімен кетуіне әкеліп соғады.

Қазақстан мен бүкіл әлемге қауіп төндіріп, жүйке-неврологиялық және басқа да инфекциялық аурулардың өршуіне әкеліп соқтыратын, бауыр циррозы, қатерлі ісіктің әр түрлері мен мезгілсіз, ерте өлімнің негізгі себебі боп табылатын «ащы суға» тәуелділіктің алдын алу басты мақсатымыз болып табылады.

Ішімдік тек бір адамның өзіне ғана емес, оның отбасы мүшелеріне, жалпы қоғамға кесірін тигізеді.

Қорытындылай келе айтпағымыз, сендіру және қорқытуға қарағанда салауатты өмір салтын қалыптастыру ішімдіктен сақтанудың ең тиімді жолы деп білеміз.  Семинарға барлығы 80 студент қатысты.

Аягөз қаласының «Нұрсалауат »Жастар денсаулық орталығы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған