Қант диабетінің 2 – типінің алдын алу

Profilaktikasdiabeta«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», – деп өте орынды айтылған. Егер инсулиннің тапшылығымен сипатталатын ҚД 1 – типі туралы айтатын болсақ, өкінішке орай, бұл аурудың алдын алу үшін медицина әлсіз. Алайда ҚД – ның 2 – типінің  дамуының алдын алу әбден мүмкін. Алдымен, аталмыш аурудың дамуына кімдер бейім екеніндігін, ҚД – ның 2 – типінің  қандай қауіп факторларының болатындығын анықтап алу қажет.

ҚД – ның 2 – типінің  қауіп факторлары:

  • 45 жастан жоғары жас шамасы;
  • Дененің артық массасы немесе семіздік;
  • ҚД – ның 2 – типінің отбасылық анамнезі:
  • Төмен физикалық белсендік;
  • Гестациялық ҚД (жүктілік кезінде дамитын қант диабеті);
  • Қан қысымының көтерілуі;
  • Липид алмасуының бұзылуы;
  • Аналық бездің поликистозы синдромы;
  • Жүрек – қан тамырларының аурулары.

Қант диабетінің 2  – типінің дамуына жол бермеу үшін салауатты өмір салтын сақтау маңызды.

Әрине, сіз жасыңыз бен қант диабетінің 2 – типінің тұқым қуалайтын бейімділігін өзгерте алмайсыз, алайда физикалық белсенділікті арттырып, пайдалы тағамдармен дұрыс тамақтану арқылы артық салмақтан арылып, өзіңіздің өмір салтыңызды өзгерте аласыз. Ал бұл, өз кезегінде, қант диабетінің 2 – типінің даму қаупін төмендетуге мүмкіндік береді. Физикалық белсенділікті арттыру мен артық салмақтан арылу сияқты қарапайым шаралар өте тиімді болып табылады.

Гарвард институтының қоғамның денсаулығы бойынша жүргізген зерттеуі артық салмағы немесе семіздігі бар адамдардың тұрақты дене жаттығуларын (аптасына бес күн кемінде 30 минуттан) және майларға бай тағамдарды тұтынуды азайтып, талшықтарға бай тағамдарды тұтынуы арқылы тамақтануды өзгертіп, қант диабетінің 2 – типінің даму қаупінің төмендеуіне алып келгендігін көрсетті.

Осыған ұқсас зерттеу Финляндияда артық салмағы, семіздігі бар адамдарда жүргізілді: артық салмақтан арылу, төмен калориялы диетаны ұстану және дене жаттығуларын орындау қант диабетінің 2 – типінің даму қаупін екі есе азайтты.

Сонымен қатар, салауатты өмір салтын сақтау қан қысымының деңгейінде де жағымды әсер етеді, ал бұл, өз кезегінде, жүрек – қан тамырлары ауруларының даму немесе өршу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Қант диабетінің 2 – типінің алдын алудағы дәрімен емдеудің рөлі.

Кейбір зерттеулерге сүйенсек, өмір салтын өзгерту дәрі – дәрмектермен емделгеннен әлдеқайда тиімдірек болып шықты.

Сонымен, өмір салтын өзгерту нені аңғартады?

Біріншіден, физикалық белсенділікті аптасына кемінде 150 минутқа дейін арттыру. Әрине, бұл аптасына бес күн 30 минуттай жаяу серуендеу болуы мүмкін немесе одан да қызықты және пайдалы нәрселерді ойлап табуыңызға болады.

Екіншіден, артық салмақтан арылу. 5 – 7 % – ға дейін артық салмақтан арылу және осы нәтижені ұстап қалуға тырысу қажет. Физикалық белсенділік пен тамақтануды өзгерту артық салмақты азайтуға көмектеседі. Ең алдымен, майлы тағамдарды тұтынуды азайту қажет.

Осылайша, қант диабетінің 1 – типінің алдын алу, өкінішке орай, қол жетпейтін арман болып қалса, ал 2 – типінің алдын алу әбден мүмкін.

 

Эндокринолог – дәрігер Грачева Т.Ю.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған