1 тамызда Өскемен қаласының «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығы «Пайдалы әдеттер марафоны-2018» науқанын қолдады

IMG_73342018 жылғы 1 тамызда «Дарын» Аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталық лагерінде келесі ұранмен «Пайдалы әдеттер марафоны» ұйымдастырылды: «Be healthy –  Будь здоров –  Денсаулық кепілі». Басты ұйымдастырушылар ретінде «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығы болды. «Пайдалы әдеттер марафоны-2018» науқанының жалпы сөресі Астана қаласында астананың 20-жылдығына орайластырып берілген. 

Балғын шақта өмір салтына деген көзқарастың іргетастары қалыптасады және өмір бойы сақталып қалатын көзқарастар мен әдеттер қалыптасады. Әсіресе осы жаста тұздың дәміне үйреніп алуға болады, бұл кейінгіде құрамында көп тұзы бар тағамдарға жоғары қажеттілік тудыру мүмкін. Тұздың тәуліктікномасына 5 граммнан астам пайдалану жүрек пен қан қысымы мәселелеріне апару мүмкін.

Сонымен қатар бала кезден бастап тәтті және газдандырылған сусындардың орнына көбірек су ішуді үйрету қажет. Біздің ағзамызды қоректендіру үшін қажет судың тәуліктік номасы дене салмағына, сырқаттарға, дене белсенділігіне байланысты болады. Дегенмен, орташа күнделікті норма деп 2 литр су саналады.

 Дүниежүзілі денсаулық сақтау ұйымының халықтың денсаулығын нығайту бойынша ұсыныстарын ескере отырып, дұрыс тамақтанумен бірге дене белсенділігін жоғарлату қажет. Егер ересек жастағы халыққа (18-64 жас) аптасына 150 минуттан кем емес дене белсенділігі қажет болса, онда 5 жастан ересек балалар үшін 60 минуттан кем емес шынығу қажет. Дене белсенділігіне спорттың барлық түрлерін және кез келген сүйек-бұлшықет қимылын жатқызуға болады. Бірақ ең қолжетімдісі болып жүріс табылады.

Іс-шараның барысында жастарға үш негізгі, және де ең алдымен қарапайым пайдалы әдеттерді қалыптастыру ұсынылды:

  • үстелдің үстінен тұз сауытты алып қою;
  • күніне 2 литрға дейін су ішу;
  • күнделікті 10 000 қадам жүріп шығу.

Марафонды қол күресі бойынша жас чемпиондар Ораз Басаров пен Деши Дурсаева ашты. Ораз өзінің 20 жасында 5 мәрте еліміздің чемпионы, 4 мәрте Азияның чемпионы, 3 мәрте әлем чемпионы болып табылады. Деши бар болғаны 14 жаста және де ол 2 мәрте еліміздің чемпионы, 2 мәрте Азияның чемпионы және 2107 жылғы әлем чемпионы. Құттықтау сөзден кейін науқанға қатысқандардың бәрі фитнес-нұсқаушымен бірге әсерлі Зумба биін биледі.

Одан кейін қатысушылардың бәрі жас бойынша станцияларға бөлінді. Төменгі топ балалары өздерінің пайдалы әдеттерін плакаттарда бейнеледі және салауатты өмір салты бойынша викторинаға жауап берді. Орташа топ балалары «Кім мықты?» атағы үшін арқан тартысты және психикалық денсаулықты сақау бойынша тренингтен өтті. Жоғары топ алғашқы жедел көмек көрсетуді үйренді және қол күресі бойынша шеберлік класына қатысты.

Ең соңында барлық қатысушыларға және «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығының серіктестірне алғыс хаттар табыс етілді: «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанықтының облыстық филиалына, Өскемен қ. Дене шынықтыру және спорт бөліміне, Қызыл Жартылай ай Қоғамының Облыстық филиалына, Ұлан ауданының БЖСМ қол күресі бойынша бапкер мен спортшыларына, Қаланың қоғамдық кеңесі, Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы өкілдері мен Зумба фитнес-нұсқаушысына.

«Нұрсалауат» ЖДО

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған