Омыраумен емізудің БДҰ бойынша ұсыныстары

1fe5e6Нәрестелерді тамақтандырудың ең қауіпсіз тәсілі, мұнда бала ең сапалы тағамды қабылдайды. Қазіргі кезде сиыр сүтінде және жасанды қоспаларда кездеспейтін және бала бас миы мен көздің торлы қабығының дамуына қажетті бірқатар көп қанықпаған май қышқылдары омырау сүтінде бар екендігін дәлелдеді. Омырау сүтінің құрамы:  су  87 %, көмірсулар – 7 %,  май- 4 %, белок – 1 %, витамин микроэлементтер – 1%.  Ал сиыр сүтінің  құрамы  85-89 % су,  май- 2,8- 6 % ,  2,7- 3,8 % белок,  0,6-0,9 %  минералды заттар, ферментер, витаминдер.  Бала дүниеге келген сәтте анасына оны ұстауға мүмкіндік беру керек. Қолайлы болса баланы жалаңаштай анасының кеудесіне тығыз денелік қатынас болу үшін жатқызған жөн. Анаға баланы омырауға жатқызуға кеңес беріңіз. Балаға бірден омырау емізіп мәжбірлемеңіз, бірақ көптеген нәрестелер шамамен бір сағаттан кейін емуге дайын болады. Бұл кезде нәрестелерде сору рефлексі өте мықты болады. Бала дүниеге келгенде осындай қатынас ана мен бала арасында байланыс орнату үшін өте маңызды. Ол оның баласына деген махаббатының, қамқорлығының дамуына әсер етеді.Қалыпты босанудан кейін нәресте анасымен бірге бір төсекте немесе жанында кішкентай керуетте болу керек. Яғни бала анасымен бір палатада немесе бір төсекте болады. Анасына басынан баласымен бірге қарым-қатынаста болуы мүмкіндік беріледі. Анаға баласы қанша рет сұраса, сонша рет омыраумен тамақтандыруына рұқсат етіледі. Мұны сұраныс бойынша тамақтандыру деп атайды. Алғашқы кезде нәрестелер ретсіз тамақтануы мүмкін: бірінші және екінші күндері бірнеше рет, келесі күндері өте жиі емуі мүмкін. Әрбір нәрестелер омырауды ұзақтығы бойынша әр түрлі уақытта емеді. Көбісі 5-10 минуттан кейін, кейбіреулері 20-30 минуттан кейін қанығады. Омыраумен тамақтандыруда дұрыс орналасқанда бала аузымен тек ұшын ғана емес, сонымен бірге ареола мен омыраудың төменгі аймағын қамтиды. Бала омырауды емізік формасымен созып алуы керек. Омырау ұшы “емізіктің” үштен бір бөлігін құрайды. Кейде бала емізіп болғаннан кейін омыраудың созылғанын байқауға болады.

Омыраумен емізудің артықшылықтары

Бала үшін:

  • Ана мен бала арасындағы байланыс (анасымен тығыз байланыстағы балаға қорғаныш сезімін беріп, тыныштандырады; тамақтандыру кезіндегі баланың анасымен қарым-қатынасы баланың эмоционалды, әлеуметтік және физикалық дамуына көмегін тигізеді).
  • Толыққанды тағамдық заттар, микроэлементтер, витаминдер, ферменттердің бала организмне түсуін қамтамасыз етеді.
  • Асқазан-ішек жолдарының функциясын реттейді (диспепсиялық аурулар жиілігі мен ұзақтығын азайтады).

Иммунологиялық қорғаныс пайда болады(омырау сүтімен тамақтанатын балалар 2,5 есе аз ауырады)

  • Респираторлы инфекциялардан қорғайды, отиттер мен олардың рецидив жағдайлары азаяды.
  • Аутоиммунды аурулар дамуының қаупін төмендетеді, мысалы ҚД 1 типі және асқорыту жолдарының қабынулық ауруларының жиілігін төмендетеді.
  • Стереотип қалыптастырады: еңбек– тамақ.

Ана үшін:

  • Бала дүниеге келген соң баланы ерте омырауға салу босанудан кейінгі қан кету қаупін төмендетіп, жатыр жиырылуына көмектеседі, және де анасындағы гемоглобин қорын сақтайды.
  • Омыраумен емізу дұрыс жүргізіліп отырса, жүктілік алдын алады, яғни 6 айға дейін (және де лактациялық аменорея ана организмін темір жоғалтудан сақтайды).
  • Климакс алды кезеңде аналық без және омырау ісігі даму қаупін төмендетеді.
  • Бала мен ана арасындағы психологиялық контактқа септігін тигізіп, аналық сезім дамытады.

Отбасы үшін:

  • Қаражат(сүт қоспасы, тағам дайындау мен оны жылытуға энергия, құтылар, емізік, дәрі т.б.) мен уақыт үнемдейді.
  • Дені сау бала.
  • Дені сау ана.

Омыраумен тамақтандыруда дұрыс орналасуының негізгі белгілері:

4*3*4 ережесі бойынша

4.1) Сәбидің  басы мен денесін  тік  бір  жазықта  ұстаңыз. 2)  Сәбидің бетін  анасының  кеудесіне қаратып, мұрны емшек ұшының деңгейінде болу керек. 3) сәбидің денесі анасының денесіне түйісілуі керек. 4) Анасы тек мойны мен иығын ғана емес, сәбидің  бүкіл денесін ұстап отырады

3.1) Сәбидің ерніне емшектің  ұшын тигізініз. 2) Сәбидің   аузы барынша ашқанын күтіңіз . 3) Емшекті  тез  сәбидің аузына апарыныз

4.1)  Сәбидің иегі емшекке тиіп тұрады.  2)  сәбидің аузы  барынша ашық . 3)  Астыңғы ерні  сыртқа шығыңқы болады. 4)   Емшектің басым  бөлігі астынан емес,  үстіне  көрініп тұру керек.

Емізу тәртібі  :  баланы бекітілген күн тәртібісіз, жиі емізу керек.  24 Сағат аралығында  8-12 реттен кем болмауы тиіс . Емізу аралығында басқа сусындар бермеу. Бала ұзақ жақсы еміп, сүт безін толық босататын болса , екінші емшекті берген  дұрыс . Келесі емізгенде сол екінші емшектен емізу керек. Қалыпты жағдайда бала өзінің су қорымен дүниеге келеді. Ол баланы анасында сүт пайда болғанға дейін сусызданудан қорғайды. Балаға қосымша су немесе глюкоза қосылған су қажет емес.Балаға ыстық ауа райында да қосымша су қажет емес. Түнде бала қанша рет сұраса, сонша омыраумен тамақтандыру керек. Түнгі тамақтандыру балаға омырау емуге қосымша уақыт береді, әсіресе анасы күндіз болмаса. Түнгі тамақтандыру бала босануды жоспарлау үшін маңызды.

Емшекпен емізуге болмайтын жағдайлар: а) Анасы жағынан жүректің  декомпенсацияланған ақауы, туберкулездің кейбір түрлері, асқынған диабет, ісікті процесстер, бүйрек ауруларының ауыр түрлері. б) Жаңа туған нәресте  жағынан  асфиксияның ауыр түрлері , миға қан құйылу, гемолиздік ауру. Бұл жағдайда балаға ана сүтін сауып беруге болады  немесе донорлық сүт беріледі .

Сиыр сүті және басқа жануарлар сүті

Сиыр сүтін омыраудағы балаларға 9 айға дейін беруге болмайды. Егер омырау жасындағы балалар тағамдық қоспасымен тамақтанатын болса, сиыр сүтін 9-12 ай аралығында тамағына қосуға болады. Егер мүмкіндік болса 12 айға дейін қоспамен тамақтандырған дұрыс. Ешкі және қой сүтін 1 жасқа дейін бермеген дұрыс, берген кезде де микробиологиялық қауіпсіздік пен минералдар мен витаминдер жеткіліксіздігін қамтамасыз ету керек. 1 жасқа дейінгі балаларға өңделген және жартылай өңделген сүтті беруге болмайды. Өңделген сүт құрамынан барлық май алынған, ал жартылай өңделген сүттен жартысынан көбі, олар өсіп келе жатқан балаға қажет энергияны қамтамасыз ете алмайды. Сонымен қатар қоюландырылған, сүт құрамындағы қант деңгейі көп болуына байланысты бермеуге тырысу керек. Кейде сүт қоспаларының орнына шырындар, қантты су, дақылдардан жасалған сұйық ботқалар береді, алайда олар альтернативті ем ретінде қолдануға жарамсыз себебі құрамында тағамдық қасиеттері бала организміне жеткіліксіз.

 

Врач общей практики: Болатова Ботагөз Болатқызы КГП на ПХВ «Городская поликлиника № 2» УЗВКО г.Усть-каменогорска

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған