Пайдалы тағамдармен тамақтану- тамаша білімге апарар жол

VKOCFZOG_Zdorovoe_pitanie_04-07-2018Үнемі қозғалыста болғанда және эмоциялық аясы өзгергенде, адам қуат жұмсайды. Қуатты толтыру үшін және әрі қарай жұмыс істеу үшін тек қана тамақ ішкенде алуға болатын құрылыс материалдары (ақуыз, көмірсулар, майлар) қажет. Ағзаны қажетті тамақ өнімдерімен қамтамасыз етудің маңызды құрауышы болып тиімді тамақтану табылады. Бұл тамақтанудың үш негізгі қағидатын сақтау: энергияның теңгерімі (тамақтан келіп түсетін қуат пен өмір тіршілігі кезінде адам жұмсайтын қуат арасындағы тепе-теңдік), заттардың теңгерімі (азық-түлік өнімдерін белгілі сандық көлем мен ара салмақта пайдалану), тамақтану режимі (тамақтанудың белгіленген уақыты және әр қабылдау кездегі тамақтың белгілі мөлшері).

2018 жылдың бірінші жартыжылдығында «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығының мамандары «Исток» Меншік мектебінде, №6, №17, №5 Орта мектептер, Опытнопольск мектебі және «Үміт» Балалар үйі, Балалар ауылы сияқты жалпы білім беру мекемелерінде мектеп жасындағы 500-ден астам балаларды қамтумен тиімді тамақтану бойынша қолдау көрсету бойынша 24 іс-шара өткізді. Осындай іс-шараларда мамандар жастарға өздерінің денсаулықтарына деген ортақ көзқарастың маңыздылығы туралы білдіреді.

Адамда тәуліктің белгілі уақытында тамақтану дағдысы қалыптасу қажет, бұл ағзаны асты қабылдауға және қорытуға дайындау үшін аса маңызды болады. Мектеп жасындағы балалар үшін төрт рет тамақтану оңтайлы болып саналады, атап айтқанда: таңғы ас, түскі ас, кешкі ас және ұйықтар алдында бір стақан айран. Көптеген оқушылар түскі тамақтың орнына тәтті нан, майқоспалы немесе тоқаштарды жей салады. Бұл тамақтану режимнің дәл заттар теңгеріміндегі бұзылу болып саналады. Егер ағза көмірсуларды көбірек алатын болса, онда олардың бөлігі майға айналады, ал бұл адамға семіру қауіпін төндіреді. Қанттың (қарапайым көмірсулардың) артықшылығы ұйықшылдықты ынталандыратынын, ал ақуыздардың артықшылығы, керісінше, жоғарлағын шоғырлану күй тудыратынын ұмытпаған жөн. Сонымен қатар темірдің, В6 мен С дәрумендердің, мыс пен мырыштың тәуліктік нормасын сақтау маңызды.

Орта буын оқушылары үшін шамалы мәзір келесі түрде болады:

  • Борщ/жарма қосылған көже- 230/25г.
  • Қайнатылған тауық еті/буға пісірілген ет (сиыр еті)- 90г.
  • Гарнир: бытырап піскен қарақұмық/орамжапырақ/жарма- 130 г.
  • Жаңа піскен көкөністерден салат- 80 г.
  • Жеміс киселі- 200 г.
  • Сүт/сүзбеше/айран- 200 г.
  • Қарабидай-бидай наны- 35 г.

Дененің қалыпты салмағын сақтау үшін тиімді тамақтанумен бірге уақтылы дене белсенділігі және таза түрдегі ауыз суды ішу қажет. Дұрыс ұйымдастырылған тамақтану баланың қалыпты өсуіне және дамуына айтарлықтай маңызды болады. Өйткені балалық шақта сүйек, бұлшық ет, жүйке жүйелері қалыптасады, ішкі органдар дамиды, ағзаның қорғаныш күштері нығаяды.

«Нұрсалауат» ЖДО маманы С. М. Маралбекова

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған