Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көлемін орналастыру рәсімін өткізуге хабарландыру

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 64/1 мекенжайында орналасқан, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде қызметтер көлемдерін орналастыру рәсімін өткізетіндігін хабарлайды:

медициналық көмек нысандары бойынша:

стационарлық медициналық көмек, оның ішінде инфекциялық, онкогематологиялық аурулармен ауыратын ауыл халқына медициналық көмек көрсету;

стационарды алмастыратын медициналық көмек, оның ішінде инфекциялық, онкогематологиялық аурулармен ауыратын ауыл халқына медициналық көмек көрсету;

қызметтер бойынша консультациялық-диагностикалық көмек:

– осы хабарламаның қосымшасына сәйкес қымбат тұратын консультациялық-диагностикалық қызметтер, оның ішінде жүкті әйелдерді медико-генетикалық зерттеуі (ультрадыбыстық скрининг, ұрықтың анатомиясын бағалау, инвазивті пренатальдық емшаралар, цитогенетикалық зерттеулерге биохимиялық скрининг);

– шұғыл стамотологиялық көмек қызметтері;

– жоспарлы стамотологиялық көмек қызметтері;

– тіс-жақ аномалиясын жоюға арналған (ортодонтикалық пластинка) аппаратты пайдалана отырып жақ-бет саласының туа біткен патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек;

– медициналық тексеру жүргізу кезінде арнайы автокөлік базасында жылжымалы медициналық кешендермен көрсетілетін қызметтер;

–  травматологиялық көмек қызметтері (травматологиялық пункттерде);

– ағзаны транспланттаудан кейінгі зертханалық диагностика қызметтері (қандағы дәрілік заттар концентрациясын анықтау);

мамандандырылған денсаулық сақтау ұйымдарында немесе мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдарымен белгіленген денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетілетін Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға көрсетілетін қызметтер;

– мамандандырылған оңалту орталықтарындағы қызметтер;

– тері-венерологиялық диспансерлердегі (және/немесе көп профильдік ауруханалар жанындағы бөлімшелерде) қызметтер;

– республикалық денсаулық сақтау ұйымдарындағы қызметтер;

– қанды, оның компоненттері мен препараттарды дайындау бойынша қызметтер.

медициналық көмек түрлері бойынша:

дәрігерге дейінгі медициналық көмек;

білікті медициналық көмек;

мамандандырылған медициналық көмек;

2018 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері арасында.

Аталған медициналық қызметтер Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасының орналасқан жері бойынша көрсетіледі.

Көрсетілетін медициналық қызметтердің жоспарланған көлемдеріне өтінімдерді (бұдан әрі – өтінімдер) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалына жұмыс күндері Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 64/1, 3-қабат мекенжайына тапсырады.

Өтінімдерді қабылдаудың басталатын күні – 2018 жылдың «3» шілдесі 09 сағат 00 минут.

Қатысуға өтінімдерді және оған қоса құжаттарды берудің соңғы мерзімі – 2018 жылдың «17» шілдесі 18 сағат 30 минут.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы келесі телефондар арқылы алуға болады: +7 (7232) 500-961, 500-945.

Ескерту:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына (бұдан әрі – Қызметтерді сатып алу қағидасы) сәйкес өндірістік базаның орналасқан жері бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалы жанындағы медициналық қызметтер көлемін іріктеу және орналастыру бойынша өңірлік комиссияға жоғары технологиялық медициналық қызметтер көлемдерін қоспағанда, ЖТМҚ шеңберінде қызметтер көлемін орналастыруға үміткер өңірлік деңгейдегі денсаулық сақтау субъектілері өтінім береді;

Өтінімдерді денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (www.fms.kz), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (www.mz.gov.kz), Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының  (www.densaulyk.gov.kz) интернет-ресурстарында орналастырылған Қызметтерді сатып алу қағидасына сәйкес нысан бойынша береді.

 

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген
көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық
қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау
субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық
сақтау субъектілері арасында тегін медициналық
көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде
және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер
көлемін орналастыру рәсімін өткізуге
хабарландыруға қосымша

 

Қымбат тұратын консультациялық-диагностикалық қызметтер тізбесі

(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009жылғы 15 желтоқсандағы  № 2136 қаулысымен бекітілген  тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне сәйкес)

  1. Полимеразды тізбекті реакция
  2. Иммуннды фенотиптеу
  3. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген көлемде және мерзімдерде жүкті әйелдерді медициналық-генетикалық зерттеу (ультрадыбыстық скрининг, ұрықтың анатомиясын бағалау, инвазивті пренатальдық емшаралар, цитогенетикалық зерттеулерге биохимиялық скрининг)
  4. Компьютерлік томография
  5. Магниттік-резонансты томография
  6. Позитрондық-эмиссиялық томография
  7. Бір фотонды эмиссиялық компьютерлік томография
  8. Ангиография

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған