Жүктіліктің қауіпті белпілері

VKOOD_Beremennost_02-07-2018Сіз білесіз бе, әлемде жыл сайын 240 мың әйел неден көз жұмады?  Бұған қоса, олардың басым бөлігі жастар және олар бала табуға және ұзақ жылдар өмір сүруге әбден болар еді.  Егер әрбір әйел қорқынышты ауру – жатыр мойны обырынан (ЖМО) сақ болса және өзін барынша қауіпсіздендірсе, осы өлімнен көбі қашып құтылуға болар еді. Қатерлі ауруларды танып білу үшін, осы сырқат туралы толығырақ айтамыз.

ЖМО туындау себебі не?

Қазіргі кезде ғылыммен түпкі себебі анықталған жоқ,  неге соның немесе басқа адамның организмінде белгілі бір сәтте ісік жасушалары пайда бола бастайды. Алайда, бұл ретте белгілі, ауыр сырқаттың туындауына немесе оны тудыруы мүмкін ықпал ететін факторлары қандай.

Аурудың даму себептері мыналар болуы мүмкін:

  1. Адам папилломасының вирусы (АПВ). Жатыр мойны обырымен зардап шегетін, пациенттердің көп үлесінен АПВ анықталды. Бұл вирустың 130 типі бар, олардың кейбіреулері ұрпақ жаңғырту ағзаларына ауыр зиян келтіреді және ЖМО дамуын өршітеді. Мұндай вирусты таратушы ер адамдар болып табылады, ал әйелдер жыныстық жолмен жұқтырады. Бұған қоса, көптеген жағдайларда әйелдер ағзасының иммунитеттік қорғанысы вирустың денсаулыққа зиян келтіруіне мүмкіндік бермейді. Алайда, кейде қорғау шалыс береді және АПВ жыныстық жүйесі бойынша «ұрады».
  2. Жыныстық өмірдің ерте басталуы. 18 жасқа дейін қыздардың ағзасының тіні жыныстық байланысқа дайын емес. Егер де ондай жағдайлар болса, онда бұл микрожарақатқа әкеледі, сосын одан әрі ЖМО әкелуі мүмкін.
  3. Жыныстық серіктестерінің көп болуы. Бұл адам папилломасы вирусымен тікелей байланысты. Әйелдердің өмірінде ер адамдар неғұрлым көп болса, соғұрлым АПВ-ны жұқтыру қаупі жоғары. Бұған қоса, ерлерге ерекше көңіл аудару керек және олар қандай өмір салтын жүргізеді: мысалы, күйеуі – әйелқұмар өзінің әйелінің денсаулығына зиян келтіруі әбден мүмкін.
  4. Медициналық түсік. Осы операциялар кезінде тіннің механикалық зақымдануы немесе инфекция жұқтыруы мүмкін. Одан әрі жасушаларында ісіктік өзгерістерге әкелу қабілеті болады.
  5. Темекі шегу. Өндірілген никотин АПВ-нан жатыр мойын мен қынапты қорғайтын жасушаларының санын төмендетеді, вирустың мутацияларды тудыруына мүмкіндік береді және аурудың дамуына әкеледі.

Өзіңде АПВ-нан күдік болуы мүмкін бе?

Вирусты басында жұқтыру ешқандай белгілер бермейді. Пациент ыңғайсыз жағдайларға жиі күдіктене бастайды, сосын етеккір циклінен тыс қан кету кездеседі. Цитологиялық зерттеудің нәтижелері бойынша, яғни жағындысын гинеколог дер кезінде анықтауы мүмкін.

АПВ қалай емдеуге болады?

Бұл жағдайда негізгі міндет – шырышты жатыр мойнының зақымдалған жерін алып тастау.  Осы емшарадан кейін әйелдер, осы вирустың обыр ауруына әкеледі деп қорықпауға болады.

ЖМО қандай симптомдары?

  1. Әйелді жыныс жолдарынан шығатын жағымсыз шығындылар алаңдатуы тиіс: су тәрізді, мол шығындылар, қызғылт немесе жасыл түсті. Егер бұрындары болмаған, кенеттен цикл кезеңінде шығындылар пайда болса, соған назар аудару қажет. Сол секілді етеккірден тыс қан аралас шығындыларға да қатысты.
  2. Жыныстық ағзаларында кез-келген сүйел және безеулер пайда болса – алаңдауға себеп бар.
  3. Несеп шығарудың қиындауы, ісік қуықтың қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіруінен пайда болуы мүмкін.
  4. Арқа мен аяқтың аурулары. Бір қызығы, олар да ЖМО дамуы туралы белгі бере алады. Ісік ішкі органдар мен жамбас маңының тамырларын қысады, сосын арқа мен аяқтың ауруына әкеледі.
  5. Күрт арықтау және тәбеттің жоғалуы. Мұнда да себебі сол – ісік асқазанға тамақты қабылдауға және сіңіруге мүмкіндік бермейді.

ЖМО қалай сақтануға болады?

  1. Тіпті еш жерің ауырмаса да, жылына екі рет дәрігер-гинекологқа баруға. Жылына бір рет онкоцитологиялық зерттеуден өту қажет. Есіңізде болсын, адам папилломасы вирусы, обырдың дамуының көп таралған себептерінің бірі, ерте кезеңдерінде білінбейді.
  2. Жасанды түсіктерден аулақ болыңыз
  3. Кездейсоқ жыныстық қатынастардан сақтану.
  4. Кәмелет жасқа толғанға дейін жыныстық қатынасты бастамаңдар.
  5. Никотинге тәуелділіктен аулақ болуға тырысыңыз.

Егер әрбір әйел бұл қарапайым ережені сақтайтын болса, онда ол өзін жатыр мойны обырынан сақтайды. Демек, өзін сау және қабілетті ана болуға сақтайды.

САНДАР ТІЛІМЕН

ЖМО әйелдерде жыныстық ағзаларының онкологиялық таралуы бойынша 2 орын алады.

Жыл сайын анықтайды…

Қазақстанда ЖМО жаңа жағдайлары 1500 астам.

Әлемде ЖМО жаңа жағдайлары 500 000 астам

40-50 жас – ең қауіпті жас.

Науқастанғандардың  20-40% – балиғаттық жастағы әйелдер

ЖМО туындау қаупі жыныстық өмірдің ерте басталуы кезінде артады.

16-18 жастан бастап – 3 есе

14-16 жастан бастап – 16 есе

13-14 жастан бастап – 26 есе

Әйелдердің өмірінде 10-нан астам жыныстық қатынас болса ЖМО ауруларының қаупі үш есе артады.

Жоғары санатты дәрігер – гинеколог О.Е. Балова

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған