Бізбен бірге DamuMed-ке қосыл!

Kokpektinskaya_CRB_Damumed_26-06-2018Қымбатты достар, дәрігерге жазылу үшін емханаға бару немесе тіркеу бөліміне қоңырау шалу қажеті жоқ. DamuMed мобильді қосымшасын пайдаланып, Үйіңізден немесе офисіңізден шықпай жазылыңыз.

Қабылдауға жазылу үшін «Дәрігерге жазылу» батырмасын басу керек. Пайдаланушы керек дәрігерді таңдап қабылдау күні мен уақытын тандай алады.

DamuMed мобильді қосымшасы сізге келесі қызметтерді қолжетімді етеді: • Қабылдауға жазылу – үйден шықпай, өзіңізді және жақын адамдарыңызды дәрігерге қаралуға жазуға мүмкіндік береді.

  • Менің тіркелулерім – белгіленген тіркеулерді және тіркеу туралы ақпаратты көрсетілген күні, уақытта және дәрігердің мамандануын көруіңізге болады.
  • Дәрігерді үйге шақыру – Өзіңізге қолайлы кез келген уақытта дәрігерді үйге шақыра аласыз. Дәрігер сізге келесі жұмыс күні келеді.
  • Менің шақыруларым – үйге жасалған шақырулар туралы ақпаратты көре аласыз.
  • Еңбекке жарамсыздық парағы – медициналық мекемеге бармай-ақ, ашық тізімдегі еңбекке жарамсыздық парақтарының тізімін қадағалап және жабылған еңбекке жарамсыздық парақтарын жүкте аласыз.
  • Менің рецепттерім – Жоғала беретін немесе үйде ұмытылатын қағаз рецептерін ұмытыңыз. Жеке кабинетіңізден жазылған рецептілерді әрқашан көре аласыз.
  • Қауіп-қатер батырмасы – белгілі бір санатқа жататын (5 жасқа дейінгі балалар, диспансердің кейбір топтарындағы науқастар, жүкті әйелдер) пациенттерге дәрігердің шұғыл шақыруы үшін құрылған.
  • Зертхананың нәтижелері – Зертханалық зерттеулердің нәтижелерін лабораторияның нәтижелері бойынша қарауға болады.

#DamuMed #DamuMedkz#мобильдікқосымша

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған