Жүктілік бойынша есепке ерте тұрудың маңызы

Amb_Centr_Postanovka-na-uchet-beremennoj_02-07-2018Құрметті әйелдер!

Жүктіліктің 12 аптасына дейін ұрықтың ішкі ағзалары қалыптасады. Дұрыс тамақтанбау, зиянды әдеттер, созылмалы, инфекциялық және тұқым қуалайтын аурулар болашақ сәбидің дамуына әсер етіп, кемтарлықтың дамуына, түсік тастауға дейін әкелуі мүмкін. Жүктілік бойынша есепке 12 аптаға дейін тұрыңыздар. Жүкті әйелдерді бақылау әйелдер кеңесінің басты міндеті болып табылады. Жүктілік пен босанудың нәтижесі көбінесе емханада қаралып тұруыңызға байланысты. Неліктен жүктілік бойынша есепке 12 аптаға дейін тұру керек? Себебі:

– біріншіден: ұрықтың ішкі ағзаларының патологиясын анықтау және одан әрі жүктілікті сақтау үшін ұсынымдар туралы сұрақтарды шешу;

– екіншіден: жүктілік кезіндегі ықтимал асқынуларды болжауға және анықтауға мүмкіндік береді, сондай – ақ жүктілікті жүргізу жоспарын таңдау;

– үшіншіден: акушерлік және басқа да патологиялар бойынша стационарға жатқызуға мұқтаж жүкті әйелдерді анықтау және олардың сауығуын қамтамасыз ету;

 – төртіншіден: сәбидің хромосомалық патологиямен туылу қаупін анықтау үшін жүктіліктің 10 – 14 аптасында жүкті әйел бірінші триместрдің ультрадыбыстық скринингіне жіберіледі және қан тапсырады;

Бірінші триместрдің соңы мен екінші триместрдің басында УДЗ  – ның көмегі арқылы Даун синдрома сияқты бірқатар туа біткен ақаулықтарды анықтауға болады.

бесіншіден: жүкті әйелдің тамақтану рационын түзеуіне және зиянды әдеттерден бас тартуына, ұрықтың қалыпты дамуы мен орталық жүйке жүйесінің бұзылуының алдын алуға ықпал етеді;

Жүктіліктің алғашқы үш айы баланың дамуы үшін шешуші кезең болып табылады. Ұрықтың алғашқы қалыптасу кезеңдерінде  әрбір тірі ағзаға қажетті биологиялық маңызды элементтердің тапшылығы ұрықтың қалыпты дамуының бұзылуына, тіпті шетінеуіне әкелуі мүмкін;

– алтыншыдан: рационалды жұмысқа орналасуға көмектеседі;

– жетіншіден: жүктіліктің ерте мерзімдерінде есепке тұру біржолғы жәрдемақы алуға кепілдік береді.

Жүктілік – әрбір әйелдің және оның жұбайының өміріндегі маңызды кезең. Жүктілік қалаулы ғана емес, сондай – ақ жоспарланған болғаны дұрыс. Бұл дегеніміз жүктілікке дайындалу қажет. Ал дайындықты неден бастаймыз?

Жүкті болудың алдында гинеколог – дәрігерге қаралып,  анализ тапсыру керек: жыныстық жолмен берілетін жұқпаларды анықтау, соның ішінде хламидиоз және ұрық үшін аса қауіпті (токсоплазмалық жұқпа, қызамық) сондай – ақ «В» және «С» гепатиттері.

Жұқпамен кездесудің қаншалықты ауыр өтуі жүктіліктің мерзіміне байланысты. Ұрықтың ағзалары қалыптасып келе жатқан ерте мерзімде, яғни жүктіліктің 8 – 9 аптасына дейін дамудың өрескел ақаулары орын алып, тіпті эмбрионның қаза табуы мүмкін.  Сондықтан, жұқпаны жүктілікке дейін анықтап, алдын – ала емдеу өте маңызды.

Егер сізде қандай да бір соматикалық (тән) аурулары болса және сіз дәрігер –  мамандарға қаралып жүрсеңіз (кардиолог, эндокринолог, невропатолог, пульмонолог және көз дәрігері), өзініздің ана болу туралы шешіміңізді дәрігеріңізге айту қажет. Жұбайынызбен бірге міндетті түрде өкпенің флюорографиялық зерттеуін өтіңіздер. Жоспарланған жүктіліктің алдында 3 айдың ішінде ішу арқылы контрацепцияны қолдануды тоқтатып (әрбір қабылдаған дәрі – дәрмек жөнінде дәрігермен кеңесіңіз), егер сіз жатырішілік контрацепцияны қолдансаныз, оны да қолдануды алдын – ала доғару қажет.

Жүктілікті жоспарлау кезінде салауатты өмір салты маңызды рөл атқарады. Таңертең жаттығулар жасаңыз, таза ауада көбірек серуендеңіз. Егер зиянды әдеттеріңіз болса, олардан арылуды ұмытпаңыз (темекі тарту, алкоголь, нашақорлық). Болашақ сәбидің әкесі де сізден үлгі алса игі болар еді. Жүктіліктің қолайлы нәтижесі үшін алғашқы апталар өте маңызды болғандықтан, жоғарыда аталған кеңестерге ертерек құлақ асқан жөн.    Серіктердің әрқайсысының тағамы дәрумендерге бай болуы тиіс. Мамандар тек қана пайдалы аспен тамақтануға кеңес береді. Әйелдерге, өз кезегінде, қосымша нәрлі элементтер керек:

– фолий қышқылы (күніне 400 мг) жүкті болудан 3 ай бұрын;

– дәрігердің тағайындауы бойынша қабылданатын мультидәрумендер мен минералды элементтер.

Жүктілікті жоспарлау – бұл екі адамның отбасын құруға және бірге балаларды тәрбиелеуге психологиялық дайындығы. Өте көп нәрселер  болашақ ата – ананың  психологиялық тұрғыдан дайын болуына байланысты. Жүктілікке дайындық кезінде психологиялық ахуалдың маңызы денсаулықтан кем емес. Уақыттарыңыздың көп бөлігін бірге өткізуге тырысыңыздар, бір – бірлеріңізге арнайы әдебиеттерді оқыңыздар. Бірге балаларға арналған дүкендерді аралауға болады, бұл – екеулеріңізді жағымды әсерлерге бөлейді.  Өздеріңіз ұнатқан қыз және ұл балалардың есімдерінің тізімін жасап, сәбиге қойғыңыз келген есімдерді ойластыра берулеріңізге болады. Сіздердің барлық әрекеттеріңіз бен ойларыңыз болашақ сәбилеріңізге бағытталуы қажет. Сіздің әлі туылмаған сәбиіңізді тұлға ретінде сыйлаңыз. Жүктілік кезінде бір – біріңізді түсінуге және сезінуге үйреніңіздер, оған өз ойларыңыз бен әсерлеріңізді дауыстап айтыңыз және сеніңіз!

Күйзелуге жол бермеңіз.

Мен сіздерді жүктіліктің тек қалаулы ғана емес жоспарланған болуы керек екендігіне сендіре алдым деп үміттенемін.

«Амбулаториялық орталық» Мекемесі гинеколог – дәрігер О. В. Гурьянова

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған