Алғашқы қосымша тамақтандыруды енгізу

Poliklinika1_Pervii_prikorm_16-05-20181. Тамақтандыру:

Екінші жарты жылдығынан бастап баланың тамағына қосымша тамақты енгізу, сәбидің дұрыс өсіп, дамуына және аурулардың алдын алудың қажетті жағдайы болып табылады. Екінші жарты жылдығынан бастап емшек сүті ең жақсы тамақтың түрі болып қалады, дегенмен өсіп-жетіліп келе жатқан баланың ағзасын толығымен қуатпен және қоректік заттармен қанағаттандыра алмайды. Қосымша тамақтандырудың негізгі талаптары уақытында енгізу, қоректік құндылық жағынан бірдейлігі, тағамның мөлшері жағынан қауіпсіздігі мен жеткіліктілігі.

Уақытында енгізілуі – қосымшаға арналған тамақ, емшек сүті баланы толығымен қуатпен және қоректік заттармен қанағаттандыра алмаған жағдайда енгізіледі. Қосымшаға арналған тамақтың оңтайлы уақыты 6 айынан басталады, өйткені дәл осы кезеңде баланың ағзасы тек қана емшек сүтінен қоректік заттарды толық тұтына алмайды және 6 айынан бастап сәби басқа тамақты қабылдау үшін физиологиялық жағынан өсіп-жетіле бастайды. Дегенмен, ерте және кеш қосымша тамақтандыруды енгізу балаға өзіндік салдарларды ала келеді.

Бірдейлік – қосымшаға арналған тамақ сәбидің өсіп келе жатқан ағзасын физиологиялық қажеттермен қанағаттандыру үшін өзінің энергетикалық және нутриенттік құрамы жағынан қанағаттандыруы тиіс.

Қосымша тамақты әзірлеу жөніндегі ұсыныстар еліміздің ұлттық, діни  дәстүрлері көзқарасынан жарамды, қолжетімді және жергілікті өндірушілердің тағамдық өнімдерінің артықшылықтарын пайдалану есебінен жасалуы тиіс.

Қауіпсіздігі – қосымшаға арналған тамақ сәбидің денсаулығы үшін қауіпсіз, сақтау, әзірлеу, тікелей тамақтандыру барысында гигиена ережелері сақталып, жүргізілуі тиіс.

Жеткіліктілігі – әрбір тамақтандырудың көлемі мен қоюлығы, ұсынылған тамақтандырудың жиілігі сақталып қамтамасыз етілетін, сәбидің тұтынатын тағам мөлшеріне сәйкес болуы тиіс.

Балалар емшек сүтіне қосымша тамақты 6-12 айында күніне 3 рет және 12-24 айында – 3 негізгі тамақ қабылдау және 2 қоректік тамақ алуы керек.

2. Жинақталған ғылыми негізделген мәліметтер көрсетеді:

  • баланың бастапқы 2 жылғы өміріндегі құнды емес тамақтандырумен байланысты мәселесі, көптеген тұрғындар үшін тағамдың өнімдердің жеткіліксіздігі немесе қолжетімсіздігінен емес, балаларды оңтайлы тамақтандырудың тәжірибедегі жеткіліксіз ақпараттандырылуы;
  • емшек сүтімен тамақтандыру сияқты, бірдей қосымша тамақтандыру да нақты дұрыс ақпарат пен оқытуды, сондай-ақ аналар мен күтуші адамдарды көрсетілетін қызмет аясында кеңес беруді талап етеді;
  • баланың соматикалық және психологиялық-әлеуметтік дұрыс дамуының міндетті жағдайы белсенді тамақтандыру болып табылады;
  • қосымша тамақтандырудың құндылығы отбасы (отбасылық үстел) рационының құндылығына, микронутриенттілік құрамы (А, С дәрумені, фолий қышқылы, темір, йод) жағынан жеткілікті болуына байланысты. Ата-аналарды дұрыс тамақтандыруға үйрету, қосымшаға арналған тамақтың арзан өндірілген өнімдерден және баланы микронутриенттік қоспалармен (темір препараттары, фолий қышқылы, А дәрумені) қамтамасыз ету осы мәселені шешуге басты ықпал етуі мүмкін.

3. Белсенді тамақтандыру:

Баланы тамақтандыру процесіне белсенді араластыру керек. Тағамды мақтау, қоспалар қосу, ойын және сөйлесу тамақтың жақсарту үшін ғана емес, сонымен бірге оның психологиялық-әлеуметтік дұрыс дамуына ықпал етеді. Қосымша тамақты бергенде тостаған мен қасықты пайдалану қажет.

«Өскемен қаласының № 1 емханасы» ШЖҚ КМК №2 УПҚ баланы дамыту бөлмесінің мейіргері Қайсарова Әлимаш Жақияқызы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған