Артериялық гипертония

Артериялық гипертензия (артериялық гипертония) – бұл ұзақ уақыт артериялық қысымның сын.бағанас.140/90 мм артық артуы. Ол инфаркт пен инсульттің дамуына әкеліп соғады. Алайда өмір сүру салтын өзгерткен кезде, зиянды әдеттерден бас тартқан және дәрігер тағайындаған дәрілерді дұрыс қабылдағанда қан қысымын қалыпқа келтіруге болады және асқынулардың қаупі төмендейді.

Артериялық гипертензия кейбір аурулардың (екінші қайтара артериялық гипертензия) немесе өз бетімен аурудың ─ гипертониялық аурудың симптомдары болуы мүмкін.

Гипертониялық аурудың нақты себептері белгісіз, алайда оның дамуына ықпал ететін факторлар анықталды:

  • Тұқым қуалаушылық

Кейбір адамдардың гендерінде ауруға бейімділік әлден қалыптасқан, бірақ ол әрдайым дами бермейді. Егер төменде көрсетілген факторларды бақылап отырса, оны  болдырмауға болады.

  • Дененің артық салмағы

Бұл жерде әңгіме салмақта емес, ал дене салмағының индексі (ДСИ) туралы. Оны бойы мен салмағы есебімен есептеуге болады. Егер де сіздің ДСИ-ңіз нормадан асып кетсе, онда бұл гипертониялық ауру, сондай-ақ басқа да аурулардың қаупін төмендету үшін, салмақты азайту туралы ойлануыңыз қажет.

  • Ас тұзын мөлшерінен артық қолдану

Асқа артық мөлшерде тұз өнімін пайдалану артериялық қысымның артуына ықпал  етеді.

  • Темекі тарту

Темекі тарту тамыр қабырғаларының қалыңдауына әкеледі, сонымен бірге  инфаркт пен инсульт қаупін арттырады.

  • Ішімдік

Артериялық қысымның артуы ішімдікті қолданумен байланысты. Егер күніне бір бокалдан артық шарап немесе бір құмыра сыра ішсе, онда бұл қысымның артуына әкеліп соғады.

  • Үнемі отыру

Аз қимылдайтын адамдарда әдетте қан қысымы артады. Күнделікті жарты сағаттық серуендеу артериялық гипертензия қаупін азайтуы мүмкін.

  • Cтресс

Дау-жанжалдар, ренжу, жұмыстағы артық жүктеме, ұйқы мен демалыстың жетіспеушілігі қан қысымының артуына әкеліп соғуы мүмкін.

Екінші қайтара артериялық гипертензия мына ауруларда көптеп кездеседі:

  • Бүйрек аурулары
  • Бүйрек безінің ауруы
  • Гормоналдық бұзылулар
  • Тамыр аурулары
  • Ұйқы кезінде демнің бітелу синдромы
  • Кейбір дәрілік заттарды қабылдау

Қан қысымының көтерілуінің себептерін дәрігер тағайындайтын, талдаулар анықтайды. Бұл несеп, қан немесе анағұрлым күрделі зерттеулер болуы мүмкін. Әрбір жағдайда амал жекелей болады.

Артериялық гипертензияның симптомдары

Қан қысымының артуы ешқашан да байқалмайды. Көздің алдында шіркейдің ағараңдауы сияқты немесе желкенің ауруы, бұл жиі жазып жазатын ─ артериялық гипертензияның симптомдары емес. Мұны анықтаудың жалғыз жолы – жиі-жиі өзінің қан қысымын өлшеп отыру.

Асқынулар

  • инсульт
  • миокард инфаргі
  • стенокардия
  • жүрек кемістігі
  • бүйрек кемістігі
  • перифериялық артерияның зақымдануы
  • көз көрісінің зақымдануы

Сіз не істей аласыз

Дәрі қабылдағанша, өмір салтын өзгерткен маңызды.

  • ДСИ-дің нормасына сәйкес өз салмағыңды түзетуге тырысу керек.
  • Жеміс-жидектер, көкөністер, теңіз өнімдерін көбірек тұтынып, малдың майын және жылдам әсер ететін көмірсуларды (тәтті тоқаш, пешеней т.б.) пайдалануды шектеген жөн.
  • Құрамында тұзы көп тағамдарды (ысталған, консерві, жартыла дайындалған өнімдер т.б.) қолдануға болмайды. Тұзды қолдануды тәулігіне 5 граммға (жарты шай қасық) дейін төмендетуге тырысу керек.
  • Шылым шегуді тастаған дұрыс.
  • Ішімдікті аз мөлшерде пайдалану қажет.
  • Көп қимылдау керек. Дене жүктемесіне күніне аз дегенде 30 минутты арнаған жөн. Егер мүмкіншілік болса, суға жүзумен, велосипед тебумен айналысыңыз.
  • Стресс алудан аулақ жүріп, ұйқыны қандырып, демалуды ұмытпаңыз.

Дәрігер айтқан дәрілерді уақытында қабылдаған жөн. Егер де сізде емделуден қандай да бір жанама әсерлер туындаса, оны өз бетіңізбен доғарып қоймаңыз, бұл жайлы дәрігеріңізге хабарлаңыз.

Қан қысымыңыз қалпына түскеннен кейін де, дәрі қабылдауды жалғастырыңыз. Препараттарды қабылдаудың арқасында қан қысымыңыз қалпына келді емеспе. Емдеудің мақсаты – бұл көтерілген қысымды төмендету емес, қалыпты қан қысымын ұстап тұру.

Егер қал-жағдайыңыздың нашарлап кеткенін сезсеңіз, дәрігердің қабылдауына келуді ұмытпаңыз.

Сіздің дәрігеріңіз не істей алады

Дәрігер сізді тексеріп, артериялық гипертензияның түрін, оның күрделілігін анықтап және тиісті ем таңдайды.

«Өскемен қаласының № 1 емханасы» ШЖҚ КМК № 2 ОДО геронтологы Баринов Игорь Вячеславович

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған