Отбасылық дағдарыс және дау-жанжалдар

Отбасындағы дағдарысты қалай бастан өткізуге болады? Дау-жанжалдарды қалай салдарсыз шешуге болады? Отбасының бұзылмауына қалай жол бермеуге болады?

Қарым-қатынасты бұзу ешқашан кеш емес. Дау-жанжалдардың пайда болуына екі жақ та кінәлі болып табылады.

  1. Дидактикалық. Серіктестің бірінің екіншісін ештеңе болмағандай үйрету әдеті.
  2. Тек өз ісімен ғана болуы. Әрбір ересек адамда басшының, ата-анасының, балаларының т.б. алдында көптеген міндеттері болады, сондықтан да зайыбының ісіне қатысуына немесе тым құрығанда қадағалауына уақыты да, күші де мүлде қалмайды.
  3. «Ойға батушылық». Күнделікті қарым-қатынаста зайыбтар арасында әрқашан қандай да бір ойға батушылық және ескішілдікке негізделген отбасылық мәселелер болады, бұл біріккен позитивтік мазасыздану кемшілігіне және оның салдары – дау-жанжал жағдайының пайда болуына әкеледі.

Отбасындағы дағдарысты қалай бастан өткізуге болады?

  1. Отбасында бір-біріне сенім болуы тиіс. Егер бір серігі бірдеңені ашып айтпаса немесе екінші серігінен құпия ұстайтын болса, бұл өзінен-өзі өзара қарым-қатынастың ширығуына әкелуі мүмкін, ал осының салдарынан болатын дау-жанжалдардың көлемі, сіз жасырған деректерге қарағанда анағұрлым қорқынышты болуы мүмкін.
  2. Бір-біріне жол бере білу. Біз жоғарыда қарастырғандай, отбасындағы дау-жанжалдардың пайда болуының бірден бір себебі, серіктерінің бірінің басшылық позицияны қолына алуы, бұл шиеленіскен дау-жанжал жағдайына әкеледі. Бақытты некенің кепілдігі оның мүшелерінің тең дәрежеде болуында екенін ұмытпаңыздар. Өз махабаттарыңыз үшін бір-біріңізге жол бере біліңіздер.

Отбасылық өмірде жыл бойынша дағдарыс кезеңін бөліп алуға болады.

Өмірдің 1 жылындағы дағдарыс. Бұл кезде отбасы құрылып қойған, көңілін табу, гүл сыйлау және кездесуге шақыру өтіп кеткен. Оның орнына кім қоқысты шығарады, жатын бөлмеге қандай түсқағаздың түсі келеді немесе отбасында кім қожайын дегендер келеді.

3-4 жылдағы дағдарыс.  Бұл кезеңде отбасында бала болады. Бұл да серігі үшін ата-аналық рөлді ойнап көретін қосымша есеңгіреу.

7 жылдағы дағдарыс. Бұл бір сарындылық және біркелкілік дағдарысы. Балалар біраз өскен, ата-аналар бірі-ібірінің қандай екенін танып білген кез. Қызықсыз болу! Бұл кезең серігінне жаңа қырларын ашу, дамудағы өзгеріс — жеке және кәсіби.

14 жылдағы дағдарыс. Бұл кезде ерлі-зайыптылар өздерінің орта жастағы дағдарыстарына тап келеді. Өткен шақты бағалауға, өз өмірі мен ондағы өзінің рөлін ой елегінен өткізу үшін оңай кезең емес. Әрине, бұл үй жағдайында болып жатқандарға әсер етеді.

Дағдарыстан шығудың тәсілдері

  1. Зайыбымен сөйлесу.
  2. Серігін қуантып және таңқалдыра білу.
  3. Отбасылық дәстүрлер құру.
  4. Маманға жүгіну. Егер де отбасы осы дағдарыстан өзі шыға алмаса,  психологтың көмегіне жүгінуі тиіс. Кейде бір-екі сеанстың өзі де мәселелерге жаңаша қарап, одан шығар жолды табуға көмектеседі.

Отбасылық дағдарысты бастан кешіру, бұл дамудың болмай қоймайтын кезеңі екенін түсінуге көмектеседі. Және тіпті сезім суынып қалғандай болса да, мұнда жалпы мақсатты көру, өзіне және серігіне сену маңызды.

«Өскемен қаласының №1 емханасы» ШЖҚ КМК психологы Саудегерова Раушан Сабеновна

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған