Акция «Темекіге қарсымыз!»

MCZ_Ayagoz_Profilaktika_tabakokureniya_11-05-201811.05.2018 жылы Аягөз аудандық орталық ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинеті және «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Дана» сауда орталығында темекі шегудің алдын алу айлығы аясында «Темекіге қарсымыз!» атты акциясы өткізілді.

Мамандар ұйымдастырған акцияның мақсаты: қала тұрғындары арасында темекі өнімдерін қолданушылардың санын азайту және денсаулығын нығайтуға көңіл бөлу. Қала тұрғындары шараға белсенділікпен қатысты. Талай темекі өнімдерін бел ортадан сындырып, акция өткізушілердің сөзін құптады. Бір тал никотин өнімінің орнына витаминдер қоса ақпараттық білім беру материалдары таратылды.Қатысушылар саны – 82 адам.

«Нұрсалауат» ЖДО  Аягөз қ-сы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған