А вирустық гепатитінің профилактикасы

RGUOOZ_Profilaktika_gepatita_A_06-03-2018Қазақстанда, оның ішінде ШҚО-да, А вирусты гепатиті ауруы деңгейінің жоғарылауына байланысты, осы аурудың профилактикасының тақырыбы өзекті болып тұр.

А вирустық гепатиті (ары қарай ВГА) – бұл алдымен бауырды зақымдайтын вирустық инфекция, асқазан-ішек ауруларына жатады.  ВГА жұқтыру көзі тек қана науқас адам және вирус тасымалдаушы болып табылады.

Аса әлсіз топтар болып табылатыны:

  1. ВГА науқасының отбасы мүшелері.
  2. Әсіресе ұйымдастырылған ұжымдарға баратын, ауру деңгейі жоғары аймақтарда тұратын балалар (мектеп оқушылары, МДМ, балалар үйлері және интернаттары).
  3. Сапалы ауызсуға қолдары жетпей отырған тұлғалар.

А гепатитінің вирусы адам ағзасына түскен соң, ауру 7-50 күн ішінде дами бастайды, орташа есеппен алғанда 30-35 күн. Балаларда ВГА ауруының негізгі белгілері: әлсіздік, шаршаңқылық, тәбетінің нашарлауы  тіпті оның болмауы, жүрегінің айнуы, құсуы мүмкін, дене қызуының 37,5 градус С дейін көтерілуі және одан да жоғары, оң жақ қабырға астының ауырсынуы, зәрінің түсі қараяды, нәжісі түссізденеді. Бұдан ары көзі сарғаяды, таңдайы, кейінірек-терісі сарғая бастайды. Кейбіреулерінде ауру талаураған белгілермен басталады, ЖРВИ-ға өте ұқсас. Егер оқу кезеңінде жұқтырған болса, онда оқушы бағдарламаны нашар игереді, тиянақсыз, тез шаршайды, ал кейде сабақ үстінде ұйықтап қалады.

Зақымдалу жолдары:

  • Қатынастық-тұрмыстық жолымен: ластанған ыдыс және тұрмыстық заттар, кірленген қолдары, әсіресе дәретханадан кейін, яғни қарапайым жеке гигиена ережелерін орындамаған кезде.
  • Су жолымен – А вирусты гепатиті жұққан  ашық су қоймаларынындағы суды қолдану, өзенге шомылған кезде ластанған суқоймаларының суын жұтып қойса.
  • Азық-түлік жолымен – жуылмаған көкеністер мен жемістерді тамаққа қолданған кезде.

ВГА-мен зақымдану қатері келесі факторлар болған кезде көп еселеп өседі: жалпы тілімнен тістеп алғанда, бір шөлмектің аузынан барлығы сусын ішкенде, бір ғана сағызды барлығы пайдаланғанда «ауыздан ауызға», тамақтанғаннан кейін, парақтарды ашқан кезде саусақтарын жалағанда, қаламды, қарындашты жұмыста тістеу және жалау кезінде, тырнақтарын тістеген кезде.

Балада ВГА белгілері бар болса, ата-анасы медициналық қызметкерлердің  көмегіне жүгінуі қажет. Тек толыққанды және уақытында баланы тексеру ғана, ВГА-ны растауы немесе теріске шығаруы мүмкін.

ВГА-ң арнайы өзіне тән емдеуі жоқ. Науқастанған балаға төсекте жату кестесін қамтамасыз ету қажет, әсіресе алғашқы екі аптада. Күшті сорпа, қуырылған, ашты, қақталған тамақтан, шоколадтан аулақ болу керек. Күнделікті рационға бал, ірімшік, қайнатылған семіз емес ет, жеңіл сорпа, кисель, компот, көкеністер, жемістерді қосу қажет. Тамақтану жиілігі тәулігіне 5-6 рет және аздаған порциямен жеу керек.

Балаларда жіті ВГА-ң ағыны, ережеге сәйкес, қолайлы болады. Асқынған түрге ауысуы байқалған жоқ. Иммунитет ұзағырақ қалыптасады. Бала дәрігердің нұсқауларын орындаған кезде тезірек емделіп кетеді және өзін тәуір сезінеді. Бірақ, бауырдың жасушалары және оның қызметі 5-6 айдан кейін ғана қалпына келе бастайтынын естен шығармаңыздар. Сондықтан осы уақыт ішінде қимыл-қозғалыс жүктемесін шектеу қажет, диета сақтау, таза ауада көбірек серуендеу және учаскелік педиатрда немесе инфекционст дәрігердің қарауында болуы қажет.

ВГА ауырып қалмас үшін профилактикалық шараларды сақтау қажет:

  1. Қолды тамақ ішер алдында, дәретханаға барған соң, қоғамдық жерлерге барған соң сабындап жуу керек.
  2. Қолданар алдында жемістер мен көкеністерді дұрыстап жуу, кайнаған сумен шаю;
  3. Өзенге рұқсат берілген арнайы орындарда ғана шомылу және балалардың өзен суын жұтып қоймауын қадағалау;
  4. Жеке гигиенаның дара заттарымен пайдалану (орамал, тіс щеткасы, бет орамалы және басқалары);
  5. Ыдыстарды, тұрғын үй-жайларды тазалықта ұстау;
  1. Балаларға қарапайым жеке гигиена ережелерін қалыптастыру, зиянды дағдылармен күресу.

«Риддер қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РММ ЭҚБ басшысы Уалиханова Гульжан

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған