Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілерінің арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарландыру

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы Казақстан көшесі 64/1 үйде орналасқан «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосылған денсаулық сақтау субъектілерінің арасында 2018 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде:

медициналық көмектің мынадай нысандары бойынша:

  • медициналық-санитариялық алғашқы көмек;
  • консультациялық-диагностикалық көмек

медициналық көмектің түрлері бойынша:

  • дәрігерге дейінгі медициналық көмек;
  • білікті медициналық көмек;
  • мамандандырылған медициналық көмек;

көрсетілетін қызметтер бойынша:

-қатерлі ісіктердің ерте диагностикасына скринингтік зерттеулер жүргізу кезінде көрсетілетін қызметтер (әйелдердегі жатыр мойны обыры; ересектер арасында колоректалды обыры; сүт безі обыры);

Көрсетілген медициналық қызметтер Республика Қазақстан Шығыс Қазақстан облысының аумағында денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасының орналасу орны бойынша көрсетіледі.

Көрсетілген медициналық қызметтердің жоспарланған көлеміне өтінімдерді (бұдан әрі – өтінімдер) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалына Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы Қазақстан көшесі 64/1 үйде 3 қабатта ұсынады.

Қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау басталатын күн – 2018 жылғы
«6» наурыз 9 сағат 00 минут.

Қатысуға арналған өтінімдерді және оған қоса берілетін құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі – 2018 жылғы «20» наурыз 18 сағат 30 минутқа дейін.

Қосымша ақпаратты және анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: +7 (7232) 50-09-45, 50-09-56.

Ескертпе:

Өтінімдерді денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (www.fms.kz), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (www.mz.gov.kz), Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының
(www.densaulyk.gov.kz) интернет-ресурстарында орналастырылған Көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес нысан бойынша ұсынады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған