Йод жетіспеушілік және онымен күресу жолдары

DOOZ_VKO_Profilaktika_iododeficita_28-02-2018Йод – адамның жүйке жүйесіне, эмоционалды жағдайына және психологиялық денсаулығына жауап беретін элемент. Йод гармондардың синтезіне жауап беретін бірден бір микроэлемент.

Йод жетіспеген жағдайда адам ұмытшақ бола бастайды, зейіні мен реакциясы азаяды, ұйқышылдық басады. Бұған қоса иммунитеті төмендейді.

Теңіз өнімдері йодқа бай келеді. Теңіз қырыққабаты – ламинария йодқа өте бай. Кейбір азық-түліктердің құрамында йод аз мөлшерде болсын кездеседі. Олар – баклажан, томаттар, ас бұршақ, сарымсақ, ешкі сүті, сүт сарысуы, асбұршақ, томат,шпинат. Алайда бұл азық-түліктердің құрамында аталған микроэлементтің болуы топырақтың құрмында йодтың қаншалық болуына байланысты.

Йод жетіспеушілігімен күресудің ең қарапайым және тиімді жолы ол – тағамға йодталған ас тұзын қосу. Ас тұзында 45 мкг йод болады. Тағамға қосқан жағдайда, йодтың күнделікті нормасын алады.

Йодталған ас тұзын тағам дайын болар кезде қосқан дұрыс. Өйткені қатты температурады, қайнату кезінде тұз құрамындағы йод мөлшері азаяды. Алайда, йодтың қандай да бір үлесі сақталады. Йод қосылған тұзды мүлде қолданбағаннан,  күнделікті аз мөлшерде болсын үнемі қолданған дұрыс деп білеміз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған