Құтырма

Profilaktika_beshenstva_Cifri_po_oblastiam_12-10-2017Құтырма ауруы – аса қауіпті, адамдар мен малдардың арасында тарайтын, орталық жүйке жүйесін зақымдайтын, жұқпалы індетке жатады.

Ауру қоздырғышы өте ұсақ вирустар. Табиғатта аурудың қоздырғыштары, қасқыр, түлкі, қарсақ секілді жыртқыш аңдарда  сақталады. Адамзаттың ең алғашқы қолға үйреткен жануарларлары ит пен мысықта бұл ауруға жиі шалдығады және құтырма ауруымен адамдардың және басқа да үй жануарларының ауруына себеп болады. Құтырма –ақыры өлімге әкеліп соғатын, аса қауыпты ауру.

Құтырма дүние жүзінде кең тараған, онымен барлық жылы қанды жануарлар мен адамдар ауыра береді. Қоздырғыштар ауырған жануардың ми жасушаларында өсіп, жетіліп, сілекейі арқылы тарайды. Жануар адамды немесе басқа жануарларды тістеп, қапқанда, жараға жұққан  сілекейі арқылы ағзаға түседі де қан арқылы нерв талшықтарына жетіп, орталық нерв жүйесіне қарай жылжиды. Жұлын жасушаларында қоздырғыштар өсіп , жетіледі.  Сол себептен қоздырғыштар түскен жара неғұрлым  нерв жүйесіне жақын болса, солғұрлым қауыпты, ауру туу мерзімі тез болып келеді. Мысалы бас, мойын, бет және ұсақ жүйке талшықтарына бай қолдың саусақтары аса қауыпты орындар болып саналады.

Қоздырғыш енген жерде, алғашында қышыма пайда болып,  невралгия сипаттас ауру сезімі  дененің басқа жерлеріне беріле бастайды. Адамды қорқыныш билеп, қатты алаңдап, күйзеліске ұшырайды. Ауру белгілері басталғаннан 1-3  күн өткен соң, ол судан, жарықтан, шудан қорқа бастайды. Жарық сәулесі немесе аздаған жел лебінің өзі, судың сылдыры ауырудың денесін құрыстырып, дірілдеп қалшылдатады.  Әсіресе тыныс жолдарының бұлшық еттері қарысып, тұншығады. Ақыры мидың сал болынан, өлімге ұшырайды. Құтырмамен ауырған адам жазылуы мүмкін емес, әрқашанда өліммен аяқталады.

Біздің облысымызда құтырманың алдын алу мақсатында қаңғыбас жануарларды аулап, көзін құрту үшін 52 бригада құрылып, жұмыс істейді. Олар 2016 жылы барлығы 30638 ит, мысық және басқа да қаңғыбас жануарларды аулап, көзін құртты. Одан басқа әрбір азамат өздігінен жүргізетін сақтану шаралары:

Алғашқы және ең бастысы- бұл үй жануарларын ұстаудың қарапайым ережелерін қатаң сақтау, әсіресе иттерді. Барлық иттер ветеринарлық-санитарлық бекеттерде тіркеліп, жыл сайын құтырмаға қарсы екпе алып отырулары қажет.

-Иттерді үнемі байлауда ұстап, қыдыртып шығарғанда бос жібермей, қысқа қарғыбаумен алып жүру, көпшілік жүретін жерлерден өткенде иттің  тұмсығына  тұмылдырық кигізіп алу.

-Иттерді тек арнайы бөлінген жерлерде ғана қыдырту, балалар мекемелерінің маңында саябақтар мен демалыс орындарында, дүкендер мен асханаларға алып кіруге болмайды.

-Үй иелеріне, жергілікті өзін өзі басқару басқармалары мен КСК ларда  сол ауладағы тұрғындардың үй жануарларын тіркеп, олардың профилактикалық шараларын жүргізуін қадағалау міндетті. Бұл шаралардың барлығы, жергілікті Маслихат шешімімен бекітіліп, мінтеттеледі.

-Жертөлелерде, аулаларда, қоқыс төгетін алаң төңірегінде қаңғыбас жануарлардың жиналуын болдырмауды үнемі қадағалап отыру, себебі адамдар үшін, әсіресе балаларға  олар қауыпты.Балалар мен жасөспірімдерге, қаңғыбас жануарлады қолға ұстап олармен ойнауға  болмайтынын үнемі ұқтырып жүру.

– Үй жануарларының иелері, сүйікті итіңізді, мысығыңызды  жыл сайын ектіріп, ветеринарлық дәрігердің бақылауына апарып тұрыңыз.

По г.Усть-Каменогорск количество пострадавших от укусов животными ежегодно составляет более 1100 человек. Всем обратившимся оказывается антирабическая помощь. За 9 месяцев 2017г. количество пострадавших от укусов животными 850 человек. Лечебно профилактические учреждения располагают достаточным количеством препаратов для проведения бесплатной лечебной иммунизации.

Өскемен қаласында жануардың тістеуінен зардап шеккендер саны жылына 1100 адамды құрайды.Барлық зардап шеккендерге антирабикалық көмек көрсетіледі. 2017 ж. 9 айдың ішінде жануардың тістеуінен зардап шеккендер саны 850 адамды құрайды. Емдік профилактикалық мекемелерде зардап шеккендерге тегін көмек көрсетіледі.

Өскемен қаласында құтырма ауруына қарсы екпе келесі мекен-жайларда жүргізіледі: жарақат пунктерінде, «Ана мен бала орталығы», Өтепов көшесі,35,37, «№1 Қалалық аурухана», Абай көшесі,18 және «№2 Қалалық поликлиника»,Буров көшесі,53.

 

«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау Департаментінің Өскемен қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РММ Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы Құрмашева Маржан Толеубекқызы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған