Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілерінің арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарландыру

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы Қазақстан  көшесі 64/1 – үйде  орналасқан «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосылған денсаулық сақтау субъектілерінің арасында 2019 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде*:

медициналық көмектің мынадай нысандары бойынша:

1) амбулаториялық емханалық көмек (ауылдық субъектілері үшін стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын көмекті қоса алып):

  • медициналық- санитариялық алғашқы көмек:
  • консультациялық-диагностикалық көмек;

2) стационарлық көмек, ауылдық субъектілерімен көрсетілетін стационарлық көмекті қоспағанда,

оның ішінде:

  • инфекциялық ауруларымен ауратын науқастарға;
  • онкогематологиялық науқастарға;
  • қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;
  • паллиативтік көмек және мейірбике күтім;

3) стационарды алмастыратын көмек, ауылдық субъектілерімен көрсетілетін стационарды алмастыратын көмекті қоспағанда;

оның ішінде:

  • онкогематологиялық науқастарға;
  • қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;
  • паллиативтік көмек және мейірбике күтім;
  • амбулаториялық гемодиализ;
  • перитонеалдық диализ;

4) жедел медициналық көмек;

5) санитариялық көлікпен мамандандырылған маманды және (немесе) науқасты тасымалдаумен байланысты медициналық көмек;

медициналық көмектің түрлері бойынша:

  • дәрігерге дейінгі медициналық көмек;
  • білікті медициналық көмек;
  • мамандандырылған медициналық көмек;
  • медициналық-әлеуметтік көмек, оның ішінде:
  1. онкологиялық науқастарға;
  2. туберкулезбен ауыратын науқастарға;
  3. психикалық және мінез-құлықтық бұзылуы бар науқастарға;
  4. алкоголизм, нашақорлық және уытқұмарлықтан зардап шегетін науқастарға;
  5. АИТВ жұқтырғандарға және ЖИТС-мен ауыратын науқастарға;

көрсетілетін қызметтер бойынша:

қан қызметтінің саласындағы қызметтер;

патологоанатомиялық диагностикасының қызметтер;

қатерлі ісіктерді анықтау бойынша ерте диагностикасына скринингілік зерттеулерді жүргізу қызметтер (жатыр мойны обыры; колоректалды обыр; сүт безі обыры)**;

кешенді жан басына шаққандағы нормативіне енгізілмейтін консультациялық-диагностикалық қызметтер:

  1. ортодонтиялық көмек көрсету кезінде тіс-жақ аномалияларын жоюға арналған аппаратты (ортодонтиялық пластинка) пайдалана отырып, жақ-бет саласында туа біткен патологиясы бар балаларға қызметтер;
  2. маманның жолдамасы бойынша балалар мен жүкті әйелдерге көрсетілетін жоспарлы стоматологиялық көмекке (ортодонттық және ортопедиялықтан басқа) қызметтер және халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал санаттары үшін шұғыл стоматологиялық көмек қызметтер (жіті ауырсыну);
  3. жылжымалы медициналық кешендердің көрсетілетін қызметтер;
  4. маманның жолдамасы бойынша халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал санаттары үшін диагностикалық зерттеулердің қымбат тұратын түрлері: полимерлік тізбекті реакция, иммунофенотиптеу, компьютерлік томография, магнитті-резонансты томография; позитронды-эмиссиялық томография, бірфотонды эмиссиялық компьютерлік томография, ангиография;
  5. жүкті әйелдерді медициналық-генетикалық зерттеу қызметтер (ультрадыбыстық скрининг, ұрықтың анатомиясын бағалау, инвазивті пренатальдық емшаралар, цитогенетикалық зерттеулерге биохимиялық скрининг);
  6. травмотологиялық пункттерде қызметтер;
  7. тері-венерологиялық диспансерлерде қызметтер (және/немесе көп бейінді ауруханаларға қарасты бөлімшелерде);
  8. ағзаны транспланттаудан кейінгі лабораториялық диагностика қызметтер (қандағы дәрілік заттардың концентрациясын анықтау)

бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарлайды

Көрсетілген медициналық қызметтер Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысының аумағында көрсетіледі.

Көрсетілген медициналық қызметтердің жоспарланған көлеміне өтінімдерді (бұдан әрі – өтінімдер) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалына Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы Қазақстан көшесі 64/1-үйде, 3 – қабат, № 5-кабинетіне ұсынады.

Қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау басталатын күн – 2018 жылғы
«4» желтоқсан 09 сағат 00 минут.

Қатысуға арналған өтінімдерді және оған қоса берілетін құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі – 2018 жылғы «19» желтоқсан 18 сағат 30 минутқа дейін.

Қосымша ақпаратты және анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: +7 (7232) 500-961, +7 777 9846 777.

Ескертпе:

*  Өтінімдерді және оған қосымша мәліметтерді денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (www.fms.kz), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (www.mz.gov.kz), Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының (www.densaulyk.gov.kz) интернет-ресурстарында орналастырылған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес нысан бойынша ұсынады.

** Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерімен өтініштер беріледі.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған