Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілерінің арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарландыру

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы Қазақстан көшесі 64/1 – үйде орналасқан «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосылған денсаулық сақтау субъектілерінің арасында 2018 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде: 

медициналық көмектің мынадай нысандары бойынша:

консультациялық-диагностикалық көмек, (шұғыл стоматологиялық көмек және жоспарлы стоматологиялық көмек қызметтері, шұғыл травматологиялық (травматологиялық пункттерде), қымбат тұратын консультациялық-диагностикалық көрсетілетін қызметтер (полимеразды тізбекті реакция) бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарлайды;

стационарлық медициналық көмек (гемотология қызметін көрсету);

стационарды алмастыратын медициналық көмек (амбулаториялық және перитонеалдық гемодиализ қызметін көрсету).

медициналық көмектің түрлері бойынша:

білікті медициналық көмек;

мамандандырылған медициналық көмек қызметтері бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарлайды.

Көрсетілген медициналық қызметтер Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысының аумағында денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасының орналасу орны бойынша көрсетіледі.

Көрсетілген медициналық қызметтердің жоспарланған көлеміне өтінімдерді (бұдан әрі – өтінімдер) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалына Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы Қазақстан көшесі 64/1 – үйде, 3 – қабат, № 5 – кабинетіне ұсынады.

Қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау басталатын күн – 2018 жылғы
«04» желтоқсан 9 сағат 00 минут.

Қатысуға арналған өтінімдерді және оған қоса берілетін құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі – 2018 жылғы «07» желтоқсан 18 сағат 30 минутқа дейін.

Қосымша ақпаратты және анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: +7 (7232) 500-961.

Ескертпе:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы
№ 591 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары) сәйкес:

Өтінімдерді денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (www.fms.kz), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (www.mz.gov.kz), Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының
(www.densaulyk.gov.kz) интернет-ресурстарында орналастырылған Көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес нысан бойынша ұсынады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған